Түркиядағы су тасқынынан бес адам қаза тапты
Алматы, BAQ.KZ. Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса аумағында орналасқан Кестел аймағында су тасқыны болды. Соның салдарынан кем дегенде бес адам өліп, тағы бірі із-түзсіз кеткен. Бұл туралы lenta.ua хабарлады.
Бурса провинциясының Дудаклы, Нарлыдере, Гёльчук, Сарыкая, Каяджик және Ақсу аудандарында жауған нөсер жауынның арты су тасқынына әкелген.
Су басқан аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 257 адам жұмылдырылған, оның 134-і полиция қызметкерлері.
Сондай-ақ, Кестельге елдің ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу келді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әуе рейстеріндегі әрбір жолаушы міндетті термометриядан өтеді – көліктегі бас санитар
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы