Су басу қаупі бар аймақтарға 108 елді мекен кіреді – Ахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы бойынша кеңес өткізді.

Бқл туралы ШҚО баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы бойынша кеңес өткіздім. Бірден айта кетейін, су басу қаупі бар аймақтарға 108 елді мекен кіреді. Күзде біз қауіпті кезеңге дайындық жұмыстарының бір бөлігін өткіздік. Қазіргі уақытта Ертіс, Уба, Бұқтырма және Күршім өзендерінде 15 жарылыс ұйымдастырылды, - деді Ахметов.

Синоптиктердің болжамынша, қазір қарқынды қар жауады, сондықтан жағалауды нығайту, арықтарды, арналарды, су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.

 Тарбағатай, Катонқарағай және Бесқарағай аудандарындағы кейбір елді мекендер қауіп төндіреді, сондықтан әкімдер қысқа мерзімде болжанатын іс-шаралардың толық тізбесін ұсынуы тиіс. Қазірдің өзінде жасалған жұмыстардың барлығы 476 тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды су басудың алдын алуға мүмкіндік береді. Барлық қызметтер жұмылдырылған, қаптар мен ЖЖМ қоры, жеке құрам, барлық қажетті техника мен уақытша орналастыру пункттері кез келген жағдайға дайын, - деді облыс басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы