Су басу қаупі. Ақтөбе әкімі Байғанин ауданына барды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Байғанин ауданына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, департамент басшысы Нұрғали Жүнісовпен бірге аудандағы ахуалмен танысты.

Аудан басшысы Айбек Көпенов су тасқынының алдын алу жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Өз кезегінде облыс әкімі жергілікті мемлекет орган басшыларына табиғи апаттың алдын алу жұмыстарын күшейтуді, бақылаудан шығармауды міндеттеді, - делінген хабарламада.

Асхат Шахаров жұмыс бригадасына күндіз-түні су тасқынына қарсы шараларға атсалысып жүргендері үшін алғысын білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы