Су басқан ауылдардың қауіпсіздігін 15 мың полицей қадағалап жүр

Қазір ел бойынша 15 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тікелей авариялық-құтқару іс-шараларына ІІО-ның 5,5 мыңға жуық қызметкері, сондай-ақ полиция ведомствосының мыңға жуық техникасы қатысады. Арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілуде, 115 мыңнан астам қапшық төселді. Полиция қазірдің өзінде 12,6 мың адамды эвакуациялады, оның ішінде 290 – нан астам адам тікұшақпен шығарылды. Мұндай деректерді республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев келтірді.

39 ауданда зардап шеккен елді мекендер қоршауға алынды. Қазір полицияның қорғауында 1 266 тұрғын үй және басқа да нысандар бар. Тонау фактілері тіркелген жоқ. Азаматтардың 87 ірі уақытша орналастыру пунктінде қауіпсіз орналасуы ұйымдастырылды, - деді спикер.

Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар жолдардың 17 учаскесінде қозғалысты шектеу енгізілді және қолдау көрсетіледі. Патрульдік полиция ұйымдасқан колонналармен су басу аймақтарынан 3,5 мыңнан астам автокөлікті алып жүрді. Стратегиялық объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі: 70 ауыз сумен жабдықтау және 91 су шаруашылығы объектілері бақылауда.

«Бүгінде су тасқынына қарсы іс-шараларға қызметкерлер мен әскери қызметшілердің ең көп саны жұмылдырылды. Жағдай нашарласа, басқа өңірлерден тасымалдау үшін күштер мен құралдардың қосымша резервтері айқындалды, -деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы