Су айдындарында балықшылардың қаза болу жағдайлары жиілеп кетті
Қарағанды облысының су айдындарында балықшылардың қаза болу жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында бір балықшы суға батып кетті, біреуі құтқарылды. Тағы екі суға батқан адамды іздеу жүргізілуде.
Мәселен, Абай ауданында, Топар кентінде, Шерубай-Нұра су қоймасында ТЖД құтқарушы-сүңгуірлері балық аулау кезінде суға батып кеткен 1988 жылы туған ер адамның денесін тапты. Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде 1989 жылы туған ер адам жағаға жеткізілді. Құтқарылған адам суға батқан адаммен бірге болған және жағалауға өздігінен жете алмаған, - делінген Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
24 шілдеде ауа-райының тұрақсыздығына және желдің күрт күшеюіне байланысты Ақтоғай ауданының Тасарал ауылының ауданындағы Балқаш көлінде қайықтан құлаған 1987 жылы туған ер адамды іздеу жалғасып жатыр.
Барлық жағдайда адамдар құтқару кеудешелерін кимей қайыққа отырып, осылайша шағын көлемді кемедегі қауіпсіздік ережелерін бұзған.
Сонымен қатар, көлік құралдарын суда пайдалану кезінде ережелер бұзылады. Мәселен, Теміртауда Самарқанд су қоймасында, Старогородской жағажай ауданында ТЖД күштерімен 1995 жылы туған ер адамды іздестіру жүргізілуде, ол су скутерін басқара отырып, жағадан 100 м қашықтықта моторлы қайықпен соқтығысып, суға батып кеткен. Ер адам құтқару кеудешесінсіз болған.
ТЖ департаменті қауіпсіздік шараларын сақтау туралы жадынамаларды тарата отырып, су айдындарында адам өлімінің алдын алу бойынша рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Дегенмен, кейбір демалушылар мен балықшылар қауіпсіздік шараларын елемейді.