Су айдындарына 200 мыңнан астам тұқы майшабағы жіберілді

Ертіс өңірінің су айдындарына 200 мыңнан астам тұқы майшабағы жіберілді, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Павлодар облысында балық ресурстарын ұлғайту шаралары жалғасын тауып келеді. Бұл жауапкершілік 29 табиғат пайдаланушының атына бекітілген 54 су айдынында жүргізіледі. Осы күнге дейін жеті пайдаланушы тұқының 37 мың майшабағын суға жіберген. 

Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Нұржан Қазтайдың айтуынша, бұдан бөлек құнды балық түрлерінің тағы 168 мыңы да өзен-көлдерге босатылды.

Павлодар облысында балық өсіруге ден қойған 15 шаруашылық субъектісі бар. бұл нысандар тұқының 160 мыңнан астам басын суға жебірген. Сонымен қатар, су ресурстары, қоршаған орта мен жануарлар әлеміне зиян келтіретін шаруашылық нысандары өтемақы ретінде балық шаруашылығын дамытуға атсалысып келеді. мәселен, Еуроазияттық энергетикалық топ құрамындағы кәсіпорындар Ертіске 15 мың майшабақты жіберді. Ал Қазақстан су жолдары мекемесі екі жылдық тұқының 9 мың данасын босатты. Бұл кәсіпорындар өз бюджеттерінен 20 миллион теңгеден астам қаражат бөлді, - дейді Нұржан Қазтай.

Экологиялық ахуалды жақсарту үшін жергілікті атқарушы органдар Ертіс өзеніне екі мың балық босатылған. Балықтандыру шаралары  мұз қатқанша дейін жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, аймақта оқшауланған, яғни, толық қатып қалатын шағын көлдер көп. Бұл су айдындарында құнды балық түрлері тіршілік етуі мүмкін. Олардың қырылып қалмауына жол бермеу мақсатында су маржандары жиналып, үлкен өзен-көлге жіберілді. Бүгінгі күнге дейін тұқы, шортан, тұқы түрлерінің жеті мыңы құтқарылды.

Айта кетейік, Павлодар облысының аумағында республикалық маңыздағы тоғыз ірі және жергілікті маңыздағы 215 су айдыны бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы