Суға батып бара жатқан адамды құтқарған жасөспірім марапатталды

Алматы, BAQ.KZ. ҚР Конституциясы күніне орай ТЖ Департаменті марапаттау рәсімін өткізді. Ішкі істер министрлігінің басшылығы суға батып бара жатқан адамды құтқарған 18 жастағы Алматы полиграфия колледжінің студенті Марғұлан Дүйсеш пен Алматы қаласы әкімі аппараты құтқару қызметінің қызметкері Хозы Бүркітбайханды марапаттады.  




Марапаттау рәсімін Алматы қаласы ТЖ Департаментінің бастығы, өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіров өткізді.

Айта кетсек, жаз айының басында Сайран су қоймасына шомылуға суға түскен 43 жастағы ауған азаматы үшін демалыс қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыра жаздады. Шетелдік қонақты  жағажайда демалып жатқан Алматы қаласының тұрғыны  18 жастағы Марғұлан Дүйсеш судан құтқарып алды. Суға батып бара жатқан адамды көрген Марғұлан тез арада жүзіп келіп, жағаға шығарды. Осы кезде су қоймасының жағасында кезекшілік еткен 109 Құтқару қызметінің  қызметкері Хозы Бүркітбайхан да көмекке келіп үлгерді. Жігіт зардап шегушіні жағаға шығарған сәтте, жүгіріп жеткен құтқарушы алғашқы медициналық көмек көрсетеді. 

Сонымен қатар, айтулы мереке қарсаңында ТЖК аймақтық бөлімшелері,  ТЖ Департаментінің ерекше көзге түскен қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды.
ТЖ Департаментінің ұжымы үшін мерейтойлық салтанатты шаралардың арасында Қазақстан Республикасының Конституция Күнін мерекелеу ерекше орын алады. Конституция адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғайтыны сияқты, қаламыздың төтенше жағдайлар қызметі азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге шақырылады. Ағымдағы жылдың 7 айында алматы гарнизонының құтқарушыларымен 160-тан астам адам құтқарылып, эвакуацияланды! Бүгінгі мереке күні Сіздерге және  жақындарыңызға зор денсаулық, сәттілік пен өркендеу тілеймін!- дейді Алматы қаласы ТЖ Департаментінің бастығы өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіров.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы