Атыраулық студентті көлік қағып өлтірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға Баймұқанов көшесінде сенбі күні болған, деп хабарлады Almaty.tv.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға Баймұқанов көшесінде сенбі күні болған, деп хабарлады Almaty.tv.
Видеодағы кадрларда жүргіншілер жолымен өтіп келе жатқан жігітті жүйткіп келе жатқан көліктің соққанын байқауға болады. Соққының қатты болғаны соншалық 2002 жылы азаматтың бір аяғы жұлынып, оншақты метрге бірден ұшып кеткен.
Атырау облыстық полиция департаментінің деректеріне сүйенсек, Тойота маркалы автокөлік жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ал, қайтыс болған бала Атыраудағы колледждердің бірінде 3-курста оқыған.
«Жол көлік оқиғасы таңертеңгі 9.30 шамасында Баймұханов көшесінің бойында болды. Тойота Камри маркалы автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды. Қазіргі кезде аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 342-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екінші автокөлік ол жерде жаңағы видеодан көрінеді ғой автокөлік келе жатқаны. Сол Мерседес автокөлігінің жүргізушісіне қатысты да сараптама тағайындалды. Қазір ол Мерс автокөлігі айып тұрағына қойылды», - деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
- Apple OpenAI-ді коммерциялық құпияларды ұрлады деп сотқа берді 01:29
- АҚШ Ираннан Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына кепілдік талап етті 00:30
- Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды 11.07.2026
- ШҚО-да фестиваль кезінде адасып кеткен екі жасар сәби аман-есен табылды 11.07.2026
- Жезқазғанда трансформаторлық қосалқы станса өртенді 11.07.2026
- Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады 11.07.2026
- Елімізде бір тәулікте екі орман өрті тіркелді 11.07.2026