Студенттердің стипендиясы 2025 жылға дейін екі есеге өседі

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Жоғары білім және ғылым форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Студенттердің стипендиясы 2025 жылға дейін екі есеге өседі. Яғни 26 мың теңгеден 52 мың теңгеге дейін. Соңғы 3 жылдың өзінде университетте оқитын студенттің оқу ақысы 420 мың теңгеден миллион теңгеге дейін өсті. Бұл шамамен 2,5 есе, - деді Дүйсенова.

Ол стипендияны төлеу автоматтандырылғанын атап өтті.

Стипендияны уақытында төлеу үшін ол Қаржы орталығы арқылы орталықтандырылған. Бұл процестің барлығы цифрландырылады. Ол университет пен министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады, - деп айтты Үкімет мүшесі форумда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы