15 Қазан 2022 2022, 16:23
Студенттердің шәкіртақысы өсті
Жоғары оқу орындарының студенттеріне төленетін төлемді өзгерту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне төленетін төлемді өзгерту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соған сәйкес:
- Университет студенттері 36 660 теңге алады (бұрын 31 423 болған);
- Мұғалім және дәрігер мамандығы бойынша оқитын университет студенттеріне – 58 800 теңге (бұрын 50 400 болған);
- Интерндер – 66 403 теңге (бұрын 59 289 болған);
- Магистранттар – 86 987 теңге (бұрын 76 950 болған);
- Назарбаев Университетінің магистранттарына – 162 500 теңге (бұрын 143 750 болған);
- "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша докторанттар мен докторанттарға – 195 000 теңге (бұрын 172 500 болған);
- "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 100 036 теңге (бұрын 88 494 болған) тағайындалды.
Басқа шәкіртақылардың мөлшері өзгеріссіз қалды.