Студенттерді хостелге орналастыруға ай сайын 19 млн теңге бөлінеді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елордада білім алатын студенттердің жатахқана мәселесін шешу үшін 15 жер учаскесі бөлінеді. Бұл турал Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

 
«Студенттердің тұратын үй-жайлары туралы. Бүгінде қалада 90 мыңға жуық студент бар. 14 мың студент тұратын 32 жатақхана жұмыс істейді. Алайда тағы 11 мың студент жатақханадан орын қажет етеді»,  - деді елорда әкімі.

Сұлтанов жатахқана мәселесін шешу мақсатында қаладағы ЖОО-ларға 15 жер учаскесі бөлінгенін айтты.
 
«Колледж студенттері үшін тұрғылықты жер мәселесі жергілікті бюджеттен мемлекеттік тапсырыс арқылы хостелдерге орналастыру есебінен толықтай шешілді. Жан басына қаржыландыру үшін бюджеттен ай сайын 19 млн теңге бөлінеді. Бұл жатақхана салуға кететін қаражатты үнемдеу мен дайын инфрақұрылымды тиімді қолдануға мүмкіндік береді», - деді Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде.
Назерке АБИБУЛЛА
Фото: Бауыржн ЖУАСБАЕВ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы