Студенттер ЖИ көмегімен тәрбиелік мәні бар мультфильм жасады

Студенттер жасанды интеллект технологиясын қолданып, бүлдіршіндерге арналған жаңа тәрбиелік мультфильм әзірледі. Олар алдымен өздері жазған сценарийді жүйеге енгізіп, ЖИ арқылы жаңа кейіпкер жасақтаған. Дәл осы кейіпкер арқылы жас ұрпаққа өнегелі ой мен құндылықтарды жеткізетін туынды жарыққа шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Жоба авторларының айтуынша, бұл жұмыс – студенттердің цифрлық технологияны шығармашылықпен ұштастыра алатынын көрсететін маңызды тәжірибе.

Сала мамандарының пікірінше, бастауыш сыныптан бастап технологияны дұрыс қолдануды үйрету қажет. Мұғалімдердің айтуынша, жасанды интеллект білім беруді тиімді етеді, ал оны саналы әрі қауіпсіз қолдануды үйрету – уақыт талабы.

Бұл мәселе халықаралық конференция барысында талқыланды. Жиынға шетелдік сарапшылар, отандық ғалымдар, мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Олар ЖИ-дің білім саласындағы орны, мұғалім еңбегін жеңілдету мүмкіндіктері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы