Студенттер Қырғызстанда қызанақ өсіру әдістерін зерттеуде

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламасының студенттері қызанақ өсіру әдістерін зерттеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жансая Жақсылық, Дина Ділдабаева, Асемай Құттыбаева, Елдана Нұралиева және қауымдастырылған профессор, философия докторы Нұралы Нұрғалиев Қырғызстан Республикасының «Манас» Қырғыз-Түрік университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасуда.

Бағдарлама аясында студенттер «Ауыл шаруашылығы» факультетіндегі профессор-оқытушылардың биология-өсімдіктану, жоба дайындау, жылыжай жұмысы бағытында лекциялық және практикалық сабақтарында дәріс алып жүр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы