Студенттер қандай форматта оқиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев ЖОО-ларда екінші семестрдің қалай басталатыны туралы айтып берді.

Сөзінше, бүгінгі күні елімізде 120 ЖОО бар. Білім алушылардың жалпы контингенті  620 мыңнан астам адамды құрайды.

Жоғары оқу орындарында көктемгі семестр биылдың 24 қаңтарында басталады. Офлайн форматта басталады.  Бұл ретте, жоғары оқу орындары каскадтық әдісті қолдана алады, яғни студенттердің жинақталуын барынша азайту үшін оқуды бастау оқу курсына немесе оқу бағыттарына байланысты 24 қаңтар мен 7 ақпан аралығында кезең-кезеңімен ұйымдастырылуы мүмкін. Мысалы, 1 курс студенттері үшін оқу 24 қаңтарда басталса, 2 курс студенттері - 31 қаңтардан, 3-4 курс студенттері үшін 7 ақпаннан бастап, - деп түсіндірді ол.

Бұл өңірдегі жағдайға және университеттердің мүмкіндіктеріне байланысты. Барлық толық ақпарат ЖОО-лардың сайттарында бар.

Көктемгі семестрде оқу дәстүрлі немесе аралас форматта болады. Атап айтқанда, жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі форматта немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер - онлайн, ал практикалық және семинар, зертханалық сабақтар - офлайн режимде өтеді. Студенттердің практикасы да офлайн режимінде практика базаларында жүзеге асырылады, - деп түсіндірді Әділет Тойбаев.

Айта кетейік,1 курс студенттері үшін оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы