Студент колледж аумағында өз-өзіне қол жұмсады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 мамырда Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжі аумағынан 19 жастағы студенттің денесі табылды. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметі өкілі айтты.

Оқиға орнына полицейлер барды. Өз-өзіне қол жұмсау дерегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды, – деді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Қайтыс болған жігіттің группаластары оның қандай адам болғанын айтты.

Көп нәрсе айта алмаймын, өйткені ол сабаққа қатыспайтын еді. Бірақ өте көңілді адам болатын. Әрқашан бәрімен сөйлесуге тырысатын еді. Тіпті жатақханаға көшіп келді, онда да көңілді жүретін. Алғашында оны дөрекі деп ойладық, ол өзін солай ұстады, бірақ кейін бәріміз достасып кеттік. Жақсы жігіт еді, – деді ол.

Оқу орны әкімшілігінің қызметкерлері пікір білдіруден бас тартты. Облыстық білім басқармасы өкілдері де ештеңе айтпады. Олар полицейлер тергеу мүддесіне сай ешқандай пікір білдірмеулерін айтқанын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы