Student Energy Challenge финалистері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Конгресс орталықта Student Energy Challenge конкурсының финалистері анықталды. 

IX KAZENERGY жастар форумы аясында өтіп жатқан энергетикалық проблемаларды шешудің инновациялық жолдарын ұсынып, жартылай финалға өткен 9 команда бүгін жобаларын қорғады. 


Ұшқыр идеялар байқауының жартылай финалына:


Wind of Change – Назарбаев Университеті,

 Innovation WKATU – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университеті,

Dream Team – Қазақ-Британ техникалық университеті,

 Thunder – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

 EcoTeam – А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті,

24 ELEMENT – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті, 

FEOGI – Қазақ-Британ техникалық университеті,

OxyGEN – Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 

Fam – Қазақ-британ техникалық университеті өткен.


Аталған командалардың ішінен 3 команда: Innovation WKATU, FEOGI, Wind of Change ертеңгі финалға өтті.


Жеңімпаз команда 10 мың АҚШ долларын, екінші және үшінші орын алған командалар сәйкесінше 5 мың және 3 мың АҚШ долларымен марапатталады.


Бұған дейін Нұр-Сұлтанда Student Energy Challenge жартылай финалы өтіп жатқанын хабарлағанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы