28 Қазан 2026, 16:15
Фото: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры
Стратегиялық жобалар баяулады: «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен босатылды
Қайрат Мақсұтовтың қызметтен кетуіне компаниядағы маңызды жобалардың жүзеге асу қарқыны себеп болды. Толығырақ не белгілі?
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының шешімімен Қайрат Берікұлы Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.
Үкіметтің хабарлауынша, мұндай шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын іске асыру қарқынының баяулауына байланысты қабылданған.
Сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын салу және оларды пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуын бақылау жеткіліксіз болғаны атап өтілді.
Қайрат Мақсұтов туралы не белгілі?
Қайрат Берікұлы Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметіне 2023 жылғы 19 маусымда тағайындалды. Ол бұған дейін 2009-2018 жылдары компания басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ энергетика саласындағы холдингтік компанияларды басқарған.