19 Қараша 2026, 14:16 Фото: Ақорда

БҰҰ Университеті мен Ғылым және жоғары білім министрлігі Университеттің өңірлік филиалын құру туралы келісімге қол қояды

Форум аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен БҰҰ университеті арасында қол қойылған өңірлік зерттеу хабын ашу туралы келісімді алмасу рәсімі өтті.

Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, БҰҰ университетінің ректоры, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Тшилидзи Марвала, Times Higher Education бас директоры Джон Гилл, Гази университетінің ректоры Угур Унал, Гонконг қалалық университеті директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Нгай, Хериот-Уотт университетінің ректоры Нола Хьюитт-Дандас, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің ректоры Сергей Филатов сөз сөйледі.