ЕЭК кеңесінің отырысында стратегиялық бағыттар талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын мақұлдауда ілгерлеушілік бар. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәскеуде еуразиялық экономикалық интеграцияның стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжат жобасы талқыланды. 

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Мәскеуде 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияның стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжат жобасын талқылау бойынша консультациялар өтті. 

Отырысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жаңа төрағасы М.Мясникович өткізді. ​

Қазақстандық делегацияны ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының қаржы министрі Әлихан Смайылов басқарды. 

Талқылау нәтижесінде ЕАЭО мүше-мемлекеттері ЕАЭО бірыңғай нарығының тиімділігін арттыру, одақтың цифрлық кеңістігін құру, мемлекеттік сатып алу мен оларға қол жетімділік процесін цифрландыруды қамтамасыз ету, ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыру, ЕАЭО-ның институционалдық базасын жетілдіру және тағы басқа мәселелер бойынша бір байламға келді, - делінген хабарламада.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар ЕЭК кеңесінің келесі отырысында стратегиялық бағыттар жобасын талқылауды жалғастыруға келісті. ​ 

Қарастырылып отырған стратегиялық бағыттар Қазақстанның мүддесін толық қамтамасыз етеді, яғни экономикалық интеграциялық процестерді тереңдетуден болатын экономикалық пайданы мейілінше арттыруға бағытталған. 

Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы 2018 жылғы желтоқсанда қабылданған декларацияны іске асыру үшін стратегиялық бағыттардың жобасы әзірленуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы