9 күнде 101 дауылды ескерту жарияланды – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 20-29 қаңтар аралығында 101 рет дауылды ескерту жарияланды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин елдегі қыстағы жедел жағдайға арналған брифингте мәлімдеді.
Төтенше жағдай басталғаннан бері ауа райының нашарлауына байланысты автожолдар 418 рет жабылып, 44 учаскеде көлік қозғалысына шектеулер қойылды. Барлық учаскелерде Блок-бекет те қойылды. Қар құрсауы кезінде 2 933 дана техника жұмыс істеді, - деді Юрий Ильин.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бірнеше күнде жылу орталықтарына 1483 адам орналастырылды (оның ішінде 128-і бала).
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан - 58, Ақмола облысы - 928, Ақтөбе облысы - 53, Қарағанды - 249, Павлодар - 195. Бірақ апаттық-құтқару жұмыстары және жолдарды тазарту жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.
101 рет дауылдың алдын ала ескерту жарияланды (Нұр-Сұлтан - 5, Шымкент - 7, Ақмола - 13, Ақтөбе - 5, Атырау - 5, Шығыс Қазақстан - 7, Жамбыл - 2, Батыс Қазақстан - 5, Қарағанды - 5, Қызылорда - 13, Қостанай - 8, Маңғыстау -) 7, Павлодарда - 3, Солтүстік Қазақстан облысында - 7, Түркістанда - 8). "Қауырт желі" ұйымдастырылды (454 қоңырау түсті). Көрсетілген кезеңде барлығы 3377 адам, оның ішінде 265 бала эвакуацияланды. 2933 бірлік техника шығарылды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы