Stop Musor. Қалаңыздан қоқысты жиі байқайсыз ба? Сауалнама нәтижесі қандай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр Сұлтан және Алматы қалаларының қоқысты қабылдауы туралы әлеуметтік зерттеу нәтижелерінің қорытындылары туралы онлайн брифинг барасында айтылды.
Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы "Stop Musor" әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары тұрғындарының арасында олар өз қалаларындағы қоқыс проблемасы туралы не ойлайтындары және өздері осы проблеманы шешуге дайын екендіктерін білу үшін сауалнама жүргізді. Сауалнамаға екі қаланың 400 азаматы қатысты.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары арасында сауалнама жүргіздік. Сауалнама көктемде карантин уақытында жүргізілді және оған 400 адам қатысты. Олар онлайн платформа арқылы жауап берді. 18-35 жас аралығындағы белсенді жастар арасында сауалнама жүргіздік. Сауалнаманың негізгі мақсаты - қалалардағы қоқыс мәселесінің маңыздылығы және онымен күрес, сондай-ақ, тұрғындардың қоқыспен күрес кезінде қандай шешімдерді қабылдай алатындығын анықтау болды, дейді сауалнама қорытындысы туралы Наталья Оспанова.
Сауалнама қорытындысы бойынша:
• Екі қаланың тұрғындары үшін қоқыс мәселесі ұзақ жылдар бойы өзекті.
• Әрбір екінші респондент қоғамдық орындарда ұсақ қоқыс (стақандар, орамалдар, бөтелкелер, темекі қалдықтары және т.б.) жиі кездесетінін атап өтті.
• Адамдардың қоқысты арнайы жәшікке тастамайтындарына бұрыс қарайды.
• 18 жастан 24 жасқа дейінгі ер адамдар мен жастар қоғамдық орындарда ұсақ тұрмыстық қалдықтарға аса назар аудармайды.
• Сауалнама барысында респонденттерден өздері қоқысты тиісті емес жерде тастады ма деген сұраққа жауап берді. Жалпы респонденттердің 70% -ы мұны жасамағанын атап өтті, ал 18 жастан 24 жасқа дейінгі ер адамдар мен жастар әлі де кез-келген жерге қоқыс тастайтындықтарын мойындады.
• Сауалнамаға қатысқан алматылықтардың 51%-ы соңғы алты айда қаладағы ахуал өзгерген жоқ, ал 6%-ы нашарлады деп санайды. Нұр-Сұлтан қаласының әрбір екінші тұрғыны, керісінше, осы мәселе бойынша оң өзгерістерді атап өтеді.
Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі қалада ұсақ қоқыстарды жиі кездестіретінін айтты. Орташа табысы бар тұрғын арасындағылар қоқысты ең көп байқайтындар болса, орта білімі бар тұрғындардың көшелерде қоқысты сирек байқайтынын сауалнама барысында анықтадық. Сауалнамаға қатысқандардың 70%-ы өздеріне қоқысты кез келген жерде тастай салуға жол бермейді. Ал сауалнама қатысқан жастардың 30%-ы керісінше оған жол береді екен. Енді, мысалы, осы 30%-дың әрқайсысы күніне 1 грамм қоқыс тастайды делік. Осылайша, біз күнде 300 келідей ұсақ қоқысты кездестіреміз. Сауалнама қорытындысына сәйкес, әйелдерге қарағанда ерлер қоқысты рұқсат етілмеген жерге жиі тастайтынын мойындады, деді сауалнама жүргізген Alvin Market компаниясының директоры Наталья Оспанова.
Сауалнамаға қатысушылар, сондай-ақ, олардың қалаларында қоқыс жинау мен сұрыптау проблемалары мен қоқыс жәшіктері жеткіліксіз екенін атап өтті. Бұл, әсіресе, Алматы тұрғындарына қатысты.
Қосымша проблемалардың қатарында респонденттер қоқысты сұрыптауға арналған арнайы контейнерлердің жоқтығын, қоқысты өңдейтін зауыттардың жоқтығын, сонымен қатар, халықтың білімі мен мәдениеті жоқтығын айтты. Сауалнама нәтижесі бойынша Алматы тұрғындарының 43%-ы соңғы жарты жылда қоқыс мәселесі жақсарғанын айтса, 6%-ы керісінше қиындай түскенін айтты. Ал елорда тұрғындарының 50%-ға жуығы қоқыс проблемасы шешіліп келе жатқанын байқаған. Яғни олар қоқысты қалада сирек кездестіреді, - деді Наталья Оспанова.
Бұл онлайн-сауалнама жылдың алғашқы жартысында өткізілді. Енді екінші зерттеу қоқыс проблемасының қалай шешіліп жатқанын көрсететін болады. Маркетингтік зерттеулер мен консалтингтер саласында қызмет көрсетуге маманданған Alvin Market компаниясы жүргізді.
Естеріңізге сала кетейік, Stop Musor жобасы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ, азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеуге бағытталған. Жоба аясында арнайы сайты жұмыс істеп тұр.