Стоматологиялық қызметтерге МӘМС шеңберінде 1 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді

Павлодар облысында МӘМС шеңберінде халыққа стоматологиялық қызмет көрсетуге 993 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Облыс бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Жангелді Шайымбетовтың айтуынша, сақтандыру шеңберінде тұрғындарға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі.

Шұғыл стоматологиялық көмек жүкті әйелдерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, 18 жасқа дейінгі балалар және зейнеткерлерге көрсетіледі. Ал жоспарлы көмек алу мүмкіндігіне аяғы ауыр әйелдер мен жасөспірімдер ие бола алады. Шұғыл көмек бойынша тіс жұлу қызметі көрсетілуі мүмкін. Ал жоспарлы қызметтерге қандай да бір шағымдар мен тіс аурулары бойынша атқарылатын ем-дом шаралары кіреді. Науқастар тарапынан сауалдар немесе өтініштер болса, медициналық мекемелердің тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласа алады. Бұл мәселелермен бас дәрігерлердің орынбасарлары айналысады. Проблема шешімін таппаса, қор мамандары араласады, - дейді Жангелді Шайымбетов.

Айта кетейік, сақтандыру бойынша стоматологиялық қызметтер осы жылдың наурыз айынан бері қолжетімді.

Мамандардың айтуынша, МӘМС шеңберінде қызмет 10 күннің ішінде көрсетілмесе, азаматтар жауапты оргындарға шағым түсіруге құқылы.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, облыста медициналық сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер саны артқан. Мемлеткеттен бөлінетін қаражат көлемі да артып отыр. Өңірде былтыр МӘМС бойынша 93 млрд теңге бөлінсе, биыл 100 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Оның ішінде жоғары технологиялы операцияларға басымдық беріліп келеді. Бір жыл ішінде үш мыңға жуық күрделі операция жасалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы