Стилист: Бренд пен трендті қуып, киім сатып алу - ақымақтық

Стилист киім таңдауда неге мән беру керектігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Диана Ербусанова негізгі мамандығы бойынша заң саласының қызметкері. Бірақ қызығушылығы осы салаға артып, кейін жеке мамандардан оқып, білім алған. Телеарна стилисі бүгінге дейін бірнеше танымал тұлғамен бірлесе жұмыс жасап келеді. Кәсіби маманнан бізде сәнді көріну үшін қалай киінген дұрыс деп кеңес сұраған едік.

- Диана ханым, қайырлы күн. Айтыңызшы, трендте болу үшін қалай киіну керек?

Трендтегі киімдерге құмартып, сатып ала беру - ақымақтық. Себебі сәнге шыққан киімдер бәріне бірдей жараса бермейді. Әр адам жеке индивид. Сондықтан өміріне, мінезіне, бойына, дене пішіміне байланысты дұрыс киім таңдап, жарасатын түсте киінуге болады. Ал бренд пен трендті қуып, жараспаса да сатып алу -  қателік дер едім.

- Қазақстандықтарға қайдан сауда жасауға кеңес бересіз?

Әрине, әркімнің қалтасы әртүрлі. Сондықтан нақты бір жерді айтуға кеңес бермеймін. Тек ерінбей, көзбен, әр жерді аралап жүру керек. Іздеген адам міндетті түрде табады. Бірақ көңіліңіз бірінші ауған киім, әдетте, сіз іздеген киім болуы мүмкін.

- Стилист қызметін алуға бәрінің бірдей қаражаты жете бермейді деген түсінік бар. Сіз қалай ойлайсыз?

Әрине, әр стилист өз біліміне қарай қызметін бағалап жатады. Бірнеше күндік курсты тәмамдаған стилистер соғұрлым арзандау болады. Ал нағыз кәсіби мамандардан білім алған стилистердің бағасы да жоғары болады. Егер қалтаңыз көтерсе, кәсіби маманмен жұмыс жасауға болады. Болмаса ең арзан, қолжетімді нұсқаны ұсынамын. Ондайда туыстарыңыздың ішінен, құрбыларыңызды алып, дүкенге барып сауда жасауға болады.

- Қазақстанда біраз танымал адаммен жұмыс жасадыңыз. Сіз үшін сәнді киінетін топ бестік кімдер?

Санди Сұлтан, Дастан Оразбеков, Берік Айтжанов, Динара Сәтжан және Жанар Дұғалова.

- Уақыт бөліп, сұқбат бергеніңізге алғыс айтамын. Толағай табыс тілеймін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы