Степногорсктегі апат: Ақау жойылды, тұрғындарға жылу беріледі

Кеше Степногорск жылу желілерінде болған апаттың салдары жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

8 желтоқсан сағат 8:10-да дәнекерлеу жұмыстары аяқталды, жылы жүйесіне су жіберіліп жатыр. "Степногорск Теплотранзит" ЖШС мамандары жарылу учаскесін қалпына келтіру және тұрғындардың үйлерін жылумен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнында Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов жүр, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, кеше 7 желтоқсанда Ақмола облысының Степногорск қаласында қаланың орамішілік Жылу трассасында апатты жағдай орын алды. Салдарынан бірнеше көпқабатты үйлерге жылу беру тоқтатылды.

Қалпына келтіру жұмыстарын жою және үйлестіру үшін облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен жедел штаб жұмыс істеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақмола облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы