26 Желтоқсан 2024 2024, 05:11
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Степногорскте екі жастағы бала құтқарылды
ТЖМ құтқарушылары екі жасар балаға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
ТЖМ құтқарушылары екі жасар балаға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Степногорск қаласының 4 шағын ауданында көпқабатты үйлердің бірінде екі жасар бала есікті бекіткішке жауып, қайта аша алмай қалған.
Құтқарушылар механикалық құралдың көмегімен есікті ашып, баланы аман-есен ата-анасына тапсырды, - деп атап өтті ведомстводан.
ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.