13 Тамыз 2026, 21:50 Фото: Скриншот

Степногорскіде автобустан өрт шықты: 10 адам эвакуацияланды

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Степногорск қаласында маршруттық автобустан өрт шықты. Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған.

Оқиға кезінде автобус салонында болған 10 адам өздігінен эвакуацияланды.

Өрт салонына тез тараған. Жағдайды автобуста газ баллонды жабдықтың болуы қиындатқан.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар газ баллонды жабдықты салқындатып, өртті қысқа уақыт ішінде сөндірді. Осылайша өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысының ТЖД тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және көліктердің техникалық жағдайын уақтылы тексеруге шақырды.