Степногорскіде 2 жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап кетті

Үйінде қараусыз қалған бала терезенің москит торын итеріп, екінші қабаттан құлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Степногорск қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшерінен 2 жасар қыздың ауруханаға "Әр түрлі жарақаттар, ЖБМЖ, МШ, іштің тұйық жарақаты" диагнозымен жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түскен. 

Белгілі болғандай, қараусыз қалған бүлдіршін терезенің москит торын итеріп, екінші қабаттан құлап түскен. 

Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы