Степногорск қаласы қоқыс полигонындағы өрт сөндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен 1 мамырда Степногорск қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртенді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

«Полигонға қызмет көрсететін «Құрылыс МТК» ЖШС компаниясы Ақмола облысы ТЖД мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп, полигоннан тыс жерде оттың таралуын болдырмау және оқшаулау бойынша іс-шаралар өткізді», - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт келесі күні сөндірілді.

Дегенмен, ҚТҚ ішіндегі химиялық үдерістер мен сонда төгілген қоқыстардың әрекеттесуінен өрт тағы да тұтана бастаған.

Осыған байланысты, өртті сөндіру үшін облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасары Асқар Мұратұлының басшылығымен жедел штаб құрылып, 32 техника жұмылдырылды.


«Бүгінгі таңда түтіннің көлемін 3000 м²-дан 700 м²-ге дейін азайту мүмкін болды. Өрттің негізгі ошақтарын бүгін сағат 14.00-ге дейін жою жоспарлануда. Алдағы уақытта қарауылдау, ұсақ жану ошақтарына су құю және жою жүзеге асырылатын болады, - деді қала әкімі Еркебұлан Шаяхметов. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы