Степногорда заманауи ғылыми-техникалық зертхана ашылды

Республика күні қарсаңында колледжде «Алтыналмас» алтын өндіруші компаниясының кәсіпорындарында металлургиялық зертханаларда қолданылатын жабдықтармен жабдықталған заманауи ғылыми-техникалық зертхана ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зертханада құрамында алтын бар кенді ұсақтау және ұнтақтау арқылы алтын өндіретін зауыттың нақты өндірісіндегіндей сынама дайындау үдерістері бойынша өндірістік цикл ұсынылған. Енді студенттер өздерінің эксперименттік ғылыми зерттеулерін Джонс бөлгішінде, диірменде, шоғырландырғышта, жақ ұсақтағышта, флотациялық машинеде және тау-кен өнеркәсібі мен металлургияның басқа да бірегей жабдықтарында жүргізе алатын болады. Компания бұл жобаға 150 млн теңгеден астам қаржы салды. 

Құрылыс-орнату жұмыстары мен жабдықтандыру колледждің материалдық-техникалық базасын жақсарту туралы меморандум аясында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 3-қабат және оқу-зертханалық корпустың аудиториясы, оқу орнының асханасы жөнделді. Колледж өз тарапынан тау-кен саласында сұранысқа ие мамандарды дайындайды.

Сонымен қатар, біздің инженерлік-педагогикалық қызметкерлер инновациялық импорттық жабдықтарды пайдалана отырып, кәсіпорынның өзінде оқуға мүмкіндік алды. 2021-2022 оқу жылында 60 студент кәсіпорынның Ақсу-2, Ақсу кварцит төбешіктері, Жолымбет жобаларында өндірістік тәжірибе алды. . Тәжірибе бағдарламасы студенттердің оқу барысында алған теориялық білімдерін шоғырландырумен ғана шектелмей, студент-практиканттардың іскерлік және кәсіби қасиеттерін бағалауға мүмкіндік береді. Үш жыл ынтымақтастығымызда "байытушы"түлектердің шамамен 80%-ы кейіннен жұмысқа орналастырылатын етіп, тәжірибе өтуді ұйымдастыру туралы 200-ге жуық шарт жасалды, – деп атап өтті оқу орнының директоры Елена Тарасова.

Мұндай белсенді ынтымақтастық басқа да міндеттерді, атап айтқанда, оқу бағдарламаларын жаңарту, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін құруды көздейді. Мұның бәрі түптеп келгенде түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Айта кету керек, серіктестік қызметкерлерінің 30 пайызы Степногор тау-кен техникалық колледжін бітірген.

Біздің компания Степногорск аймағындағы әлеуметтік инвестицияларға қызығушылық танытады. Біз үшін жергілікті кадрларды жұмыспен қамту маңызды. Мәселен, 2021 жылы Ақмола облысында колледж түлектерінің 72 пайызы тау-кен өндіруші кәсіпорындарға жұмысқа орналасты. Біздің компания кадрлық әлеуетімізді толықтыра алатын колледж түлектеріне үлкен үміт артып отыр. Жемісті және заңды стратегиялық ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасады деп сенеміз, – деді кәсіпорынның персоналды басқару жөніндегі бас атқарушы директоры Мақпал Нүсіпова.

Биыл компания колледжбен «пайдалы қазбаларды байыту» және «пайдалы қазбаларды ашық игеру» мамандықтары бойынша 30 студентті мақсатты даярлау және кейіннен жұмысқа орналастыру шартына қол қойды. «Кен орындарын, пайдалы қазбаларды ашық игеру», «электр және электр-механикалық жабдық», «пайдалы қазбаларды байыту», «маркшейдерлік іс» мамандықтары бойынша дуалды оқыту шарттарын жасасу келісілді. 

«AltynAlmas MetLab» жобасы өңірдегі ғылыми-зерттеу қызметін, халықаралық әріптестік ғылыми-техникалық байланыстарды дамытуға және жетілдіруге, жалпы колледж қызметінің тиімділігін арттыруға, озық тәжірибе алмасу жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Әсел ТҰРАР

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы