Стенд атудан Азия чемпионатында Қазақстан тағы үш медаль еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күндері Алматыда стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан командасының мүшелері тағы үш медаль жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

«Дөңгелек стендтен» қола жүлдегер атанған Әсем Орынбай командалық есепте де үшінші орын иеленді. Ольга Панарина, Әсем Орынбай және Ангелине Мищук командалық сында үшінші сатыға табан тіреді. 

Бірінші орынды Қытай, екінші орынды Тайланд құрамалары еншілеген.  

Жасөспірім қыздар арасында да Қазақстан командасы Қытай мен Үндістанға жол беріп, қола жүлдегер атанды.  Ал жасөспірім ерлер арасындағы сында Эдуард  Ещенко күміс медаль жеңіп алды. «Дөңгелек стендте» бақ сынаған Ещенко үндістандық Сингх Синхонға есе жіберді. Үшінші орын қытайлық спортшыға бұйырды.   


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы