Стенд ату: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар стенд атудан жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аралас командалар арасындағы «трап» сайысында Айжан Досмағамбетова мен Әлішер Айсалбаев қола медаль еншіледі. Тағы бір қола жүлде Тайбэй командасына бұйырды.

Финалда Қытай мен Кувейт құрамалары өзара бас жүлдені сарапқа салады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Өзгелердің жаңалығы