Стенд ату: Ел намысын 18 спортшымыз қорғайды
Екі күннен соң Париж олимпиадасының жолдамасы үлестірілетін кезекті турнир басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Стенд атудан 12-22 қаңтар күндері аралығында Кувейт елінде Париж олимпиадасының 8 жолдамасы үлестірілетін лицензиялық Азия біріншілігі өтеді. Сайыста 40 мемлекеттен 500-ге жуық сұрмерген өзара сынасады. Құрлықтық жарыста ел намысын 18 спортшымыз қорғайтын болады.
Олардың арасында жазғы Азия ойындары, әлем кубогында сәтті өнер көрсетіп жүрген Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина, Эдуард Ещенко, Мария Дмитренко, Айжан Досмағанбетова, Анастасия Прилепина т.б жерлестеріміз бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қыста гүлдеген бәйшешек жұртшылықты таңғалдырды
Өзгелердің жаңалығы