Үстемақы алған дәрігерлер алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстемақы алған дәрігерлер билік өкілдеріне алғысын айтуда. "Аса қауіпті" санатқа жататын дәрігерлер 850 мың теңге үстемақы алды.
Балалар жұқпалы ауруханасында аса қауіпті бірінші санатта 6 дәрігер қызмет етеді. Қауіптілігі орташа екінші санатта 3 маман. Наурыз айындағы жалақыларына еселеп ақша алған олардың алғысы шексіз.
Үстеме қаражат 3 ай қатарынан беріледі. Бұл дәрігерлер үшін үлкен демеу. Қазір олардың жұмысы қиындамаса, жеңілдеген жоқ. Себебі сақтық шараларын қатаң сақтап эпидемияны таратпау үшін олар барын салып жатыр. Үйлеріне қашан қайтатыны да әзірге белгісіз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы