STEM Олимпиада: Астанада 41 команда халықаралық кезеңге өтті

Астанада «STEM Олимпиада – білім берудегі инновациялар» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында Қ.Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейінде 8-11 сынып оқушыларына арналған «STEM Олимпиада – білім берудегі инновациялар» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасында интеллектуалды оқушылардың зерттеу әлеуетін дамыту, ғылыми және инженерлік пәндерге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен эксперименттік дағдыларын дамыту.

Жарысқа 102 команда қатысып, оның ішінде 41 команда халықаралық кезеңге өтті.

 Олар: № 1 (2), 6 (1), 8 (1), 14 (1), 16 (2), 32 (1), 38 (2), 59 (2), 60 (2), 64 (1), 82 (1), 84 (4), 86 (1), Ә.Бөкейхан атындағы Binom (2), А.Байтұрсынұлы атындағы Binom (4), Қ.Сәтбаев атындағы Binom (4), Қ.Мырза Әлі атындағы Binom (1), Ә.Кекілбаев атындағы Binom (3), Экономикалық Л (2), Alpamys school (2), Smart technological school (2).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы