Қазақстандық спортшы Стелла Суханова байдарка мен каноэде есуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.
Бірлік-байдаркамен 500 метрге жарыстың финалында Суханова мәреге үшінші болып жетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 1 минут 59,688 секундта бағындырды.
Жарыста Қытай өкілі Ван Нань 1:55,999 нәтижесімен жеңіске жетті. Күміс медальді Өзбекстан спортшысы Арина Танатмишева 1:57,769 нәтижесімен иеленді.
23 жастағы Суханова үшін бұл – қазіргі Азия ойындарындағы екінші жүлде. Бұған дейін ол 500 метрлік қашықтықтағы төрттік-байдарканың құрамында қола медаль жеңіп алған еді.