Ұстаздар тиесілі жалақысын дұрыс алуы керек – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз конференциясында берген тапсырмасы аясында алдағы төрт жыл ішінде педагогтардың жалақысы екі есеге артады. Осылайша 2020 жылғы қаңтардан бастап педагогтың жалақысы 25%-ға артып отыр.
Ал, қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сынып жетекшілігі, дәптерлерді және жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақылар мөлшерлерін екі есе арттыру қарастырылған.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің сөзіне қарағанда, кейбір мұғалімдер бухгалтерия тарапынан жалақы асырылып не болмаса кем беріледі деп жатады.
Осы орайда, педагогтардың жалақысын есептеу мәселесі өзекті болып отыр. Бұл ретте облыстық білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдерінің басшыларына сәйкесінше тапсырмалар берілді. Ұстаздар өздеріне тиесілі жалақыны дұрыс алулары керек, - деді Асхат Аймағамбетов "Қазақстан" ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Педагог мәртебесі туралы" Заңға қол қойған болатын. Ендігі кезекте 2020 жылдан бастап заңды іске асыру кезеңіне көшу басталды. Жалпы заңнамалық құжат 21 баптан тұрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сапарбаев қоластындағыларға алғашқы тапсырмасын жүктеді
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы