Статистика: Қалалардағы өмір сапасының рейтингі

ERI Қазақстанның 25 қаласындағы өмір сапасының ұлттық рейтингін дайындады. Рейтингке экономика және бизнес, адами ресурстар және инфрақұрылымның 3 факторы кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлығы 89 көрсеткіш талданды, оның 53-і статистикалық, ал 36-сы қала тұрғындарының онлайн–сауалнамасының нәтижелері бойынша қалыптастырылды.

Қалалардағы ең жоғары жалақы еліміздің өнеркәсіптік моноқалаларында, батыс өңірлердің облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында төленеді.

«Өмірдің қымбаттығы» индексі бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғары көрсеткіштері – Жаңаөзен, Астана, Риддер, Степногорск, Алматы, Екібастұз, Балқаш, Өскемен, Атырау қалаларында қалыптасқан.

Ал Түркістан, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Тараз қалалары өмір сүру үшін арзанырақ болды. Мысалы, Түркістандағы күнкөріс деңгейі Жаңаөзенмен салыстырғанда 1,5 есе арзан. 

Жалдамалы жұмыскерлер санына қатысты жұмыссыздықтың ең жоғары көрсеткіші Түркістан қаласында, ең төмен көрсеткіш Жаңаөзен қаласында байқалады.

Егер біз 1990 жылды бөлу сызығы ретінде алсақ, онда 1990 жылға дейін салынған үйлердің орташа үлесі 55,2%.

Мұндай үйлердің ең көп үлесі Степногорск, Риддер, Қарағанды, Балқаш, Өскемен қалаларында кездеседі. 

Жалпы тұрғын үй қорындағы ең аз «ескі үйлер» Жаңаөзен, Атырау, Қызылорда, Ақтау және Түркістан қалаларында байқалады. 2021 жылғы статистика деректеріне сәйкес, 1 адамға шаққанда 30 ш.м. тұрғын үйге Астана және Ақтау қалаларында қол жеткізілді деген қорытынды жасауға болады. Орташа алғанда, 25 қалада адам басына 24,9 шаршы метр тиесілі. Тұрғын үйдің шаршы метрі бойынша – Семей, Степногорск, Тараз, Петропавл, Сәтбаев бойынша аз көрсеткіштер байқалады. 

Сумен жабдықтау жағдайы қалалар бойынша орташа есеппен 98,2%. 15 қалада қамтамасыз ету 100%-ға жетеді.

Анықтама: мысалы, Алматы қаласы бойынша сумен қамтамасыз ету 100% құрайды. Алайда, қала әкімдігінің ақпараты бойынша қалада 40 мыңнан астам адам әкелінген суды пайдаланады. 

Жаңаөзен қаласы бойынша сумен қамтамасыз етудің төмен деңгейі – 61,8%.

Орташа алғанда, қалалар бойынша кәрізбен қамтамасыз ету 88,61%. Ең аз кәрізбен қамтамасыз ету Түркістан қаласында – 53%, Қызылорда қаласында – 63,5%, Көкшетау қаласында – 72,5%, Талдықорған қаласында – 77,5% байқалады. 

Статистика деректері бойынша қалалар бойынша орталық ыстық сумен жабдықтау 59,84%. Түркістан қ.бойынша төмен көрсеткіштер – 0,7%, Қызылорда қ. – 1,6%, Шымкент қ. – 5,7%, Көкшетау қ. – 12,4%, Жаңаөзен қ. – 25,8%. 

Орталық ыстық сумен жабдықтаудың болмауы қала тұрғындарын жеке су жылытқыштарын орнатуға мәжбүр етеді. Мысалы «Аристон индексі» бойынша келесі қалалар көш бастап тұр: Көкшетау қаласы – 37,7%, Атырау қаласы – 35,5%, Қызылорда – 33,9%, Жаңаөзен – 29,8%, Алматы – 27,9%, Орал – 25,5%, Талдықорған – 21%. 

Бизнес те ірі қалаларда шоғырланған. ШОБ субъектілері шығаратын өнімнің жартысынан көбі – 51,7% 4 агломерация орталығына – Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкентке тиесілі. Бұл қалаларда жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің едәуір бөлігі (34,1%) шоғырланған. 

2022 жылдың қорытындысы бойынша қала халқының 2/3 өсімі еліміздің 3 мегаполисіне тиесілі болды. 

Елорда мен Республикалық маңызы бар қалаларға әлеуметтік инфрақұрылымды озыңқы дамытуға, Қалалық қызметтер қызметінің тиімділігін арттыруға баса назар аудару ұсынылды. 

Ал қала және облыс орталықтарына қала құрылысы мен абаттандыруда жаңа тәсілдерді қолдану есебінен қала ортасының сапасын арттыруға назар аудару ұсынылды. 

Моноқалаларға моноқалалардың инженерлік инфрақұрылымын толық тексеруді және жоспарлы жаңартуды көздеу, сондай-ақ өз экономикасын әртараптандыру жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы