Статистика бюросы деректерді цифрлық трансформациялауға көшті

Елордада Қазақстанның статистика күніне орай «Demo day» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара аясында Ұлттық статистика бюросы цифрлық трансформациялау нәтижелерімен таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресми мәлімет бойынша бюрода 71 цифрлық трансформация жобалары қолға алынған. Оның 23-і осы ағымдағы жылы жүзеге асырылса, қалғаны 2026 жылға дейін өз нәтижесін береді деп жоспарланып отыр.

Цифрландырудың негізгі жобаларының бірі – цифрлық статистикалық тіркелімдер. Трансформацияның алғашқы жылында білім, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларында 3 цифрлық статистикалық тіркелім енгізілді. Мысалы, денсаулық жөніндегі тіркелім Денсаулық сақтау министрлігінің деректерін бірыңғай жүйеге біріктіруге және пациенттер, медициналық мекемелер, дәрілік заттар бойынша статистиканы, ал Білім беру тіркелімі – мектепке дейінгі оқыту, жоғары білім беру, «болашақтықтар» және т.б. бойынша деректерді бір жүйеде көруге мүмкіндік береді. Барлығы 13 қосымша цифрлық статистикалық тіркелімдерді құру жоспарланған.

Статистикалық тіркелімдердің болуы неғұрлым егжей-тегжейлі статистиканы жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, оны облыстар, аудандар, экономикалық қызмет түрлері, меншік нысандары және басқа да бөліністе көрсетуге болады. Осылайша, біз мемлекеттік органдардың 150 дерек базасының және 3 000 астам анықтамалық пен классификаторлардың құрылымдарына талдау жасап, Smart Data Ukimet арқылы интеграциялау жұмыстарын жүргіздік. Тіркелімдер респонденттерге түсетін салмақты азайтуға септігін тигізеді, – деп атап өтті жобаны таныстырған Бюро басшысының орынбасары Жаннат Дүбірова.

Сондай-ақ іс-шара аясында «Ұлттық анықтамалық ақпарат» жобасының таныстырылымы өтті. Бұл – әртүрлі азаматтық қоғам ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының анықтамалық деректерін құруына және басқаруына арналған кешенді жүйе. Жоба анықтамалық деректерді жасақтауды, сондай-ақ әртүрлі ұйымдардың деректерін салыстыруды қамтамасыз етеді. және ұзақ мерзімді сақтаудың қауіпсіз әрі сенімді жүйесін құруды қоса алғанда, көптеген міндеттерді шешуге бағытталған.

Сонымен қатар «Demo day» аясында бюро инфляцияны есептеу үшін деректерді жинаудың жаңа әдістері, сондай-ақ әкімшілік деректердің сапасын тексеретін Дата-аудитор институтын құру туралы айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық статистика бюросы
Өзгелердің жаңалығы