Стати ісі. Әділет министрлігі мәлімдеме жасады

Үкімет, Ұлттық банк пен Стати тараптары негіздемелік келісімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет, Ұлттық банк пен Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен Стати тараптары Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды бейбіт және өзара қолайлы реттеу туралы заңды күші бар негіздемелік келісімге қол қойды.

Тараптар барлық заңды талқылауды тоқтатуға және барлық юрисдикциялардағы ағымдағы талаптарды тоқтатуға әкелетін өзара қолайлы шарттарда келісімге келуге қуанышты.

Біз негіздемелік келісімді қолдаймыз және Президент Қ.Тоқаевтың құрметке сай реформаларының бөлігі ретінде Әділ Қазақстан құру туралы шешімін құптаймыз. Осы дауды реттеу Қазақстанның халықаралық шарттық міндеттемелерін сақтауын куәландырады, бұл инвестицияларды ұлғайтуға және оның экономикалық өсу әлеуетін арттыруға жол ашады. Біз Қазақстан үшін жаңа дәуірді құптаймыз, - деді Дэниел Чапман, CEO Argentem Creek Partners.

*Argentem Creek Partners – Стати тараптарының инвестициялық құралы Tristan Oil Limited-тің кредиторлары болып табылатын нақты қорлардың инвестициялық басқарушысы.

Осы келісім қоғамдық мүдделерді ескерумен қабылданды және бюджеттік қаражатты жұмсауды көздемейді. Осы қадам елімізге жаңа инвестицияларды тартуға және экономиканың дамуына оң әсер ететініне сенеміз, - деді Әділет министрі Азамат Есқараев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы