«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауының 5-ші маусымы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Bolashaq» Қауымдастығының Кеңес төрағасы Алмас Құдайберген мәлім етті.
Оның айтуынша, жобадағы басты мақсат – бизнесті дамыту.
Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша 11 мыңнан астам студент оқып келді. Бәрі елімізге келіп жұмысқа кірісті. Осы жазда бізің қауымдастықта үлкен өзгерістер болды. Бұрын тек мемлекеттік жұмысшылардан құралған басшылармыз бен қызметкерлеріміз болса, бүгінгі таңда кәсіппен айналысып жүрген болашақ бағдарламасының түлектері көбейді, -дейді ол.
Алмас Құдайбергеннің айтуынша, басты мәселе шетелде оқып келген жастардың басын қосып, отандық кәсіпті дамытуға үлес қосу. 11 мыңнан астам түлекті біріктіру үшін олардың мамандықтарына байланысты клубтар құрылады.
Іскерлікті дамыту мақсатында бірнеше жобаларымыз бар. Олардың бірі «бизнесті қолдау» жобасы. Ол кәсіпкерлерге арналған менторлық жоба. Екінші бастамамыз, біз алдағы уақытта бизнес-форум жүргіземіз. Атаулы форум 5 қараша күні өтеді. Оған еліміздің беделді кәсіпкері қатысады. Жалпы, бұрын «Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы әрбір адамға грант ретінде берілетін. Қазіргі таңда мақсатымыз ауысып, инвестиция ретінде беретін болдық, -деп атап өтті «Bolashaq» Қауымдастығының Кеңес төрағасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы