Starlink жүйесінде жаһандық ақау орын алды: Илон Маск ресми мәлімдеме жасады
SpaceX компаниясының жаһандық спутниктік байланыс жүйесі – Starlink бүкіл әлем бойынша уақытша істен шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Downdetector-ға сілтеме жасап.
Ақпарат көздеріне сүйенсек, жүйе 25 шілде күні Астана уақытымен 0:20 шамасында жұмысын тоқтатқан. Бұған әсіресе жүйені әскери мақсатта қолданып отырған Украина тарапынан шағымдар түскен.
Осыған байланысты SpaceX негізін қалаушысы Илон Маск X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Қызмет жақын арада қалпына келтіріледі. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, – деп мәлімдеді.
Ол сондай-ақ мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін апаттың нақты себебі жойылатынын жеткізді.
Айта кетейік, 7 шілдеде Илон Маск Starlink жүйесі Катарда қолжетімді болғанын хабарлаған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы