Starlink спутниктік интернеті бүкіл әлем бойынша өшіп қалды
15 қыркүйек таңертең бүкіл әлем бойынша Starlink спутниктік интернетінде жаппай ақау болды. Бұл туралы компания X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді. Әрі ақаулардың шынымен де жаһандық сипатта екенін растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі уақытта Starlink желісінде жаһандық ақау орын алды. Біз оны жою үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, - делінген ресми хабарламада.
Downdetector қызметі пайдаланушылар тарапынан шағымдардың толассыз келіп түскенін тіркеді.
Бүкіл әлем бойынша 40 мыңнан астам адам Starlink спутниктік интернетіндегі ақаулар туралы хабарлаған. Ақаудың шарықтау шегі АҚШ-тың Шығыс жағалауы уақытымен 12:35-те (Астана уақытымен 9:35-те) тіркелген.
Қазақстан уақытымен 10:15-ке қарай жағдай тұрақтала бастады: шағымдардың саны күрт азайып, 1000-нан төмен түсті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қайрат" – "Реал" матчының билет бағасы белгілі болды
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы