Стандартқа сәйкес келмейді. Депутат жол сапасы сын көтермейтінін айтты

Сенатор Амангелді Толамисов Жетісу облысындағы жол салу сапасын сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатор Амангелді Толамисов еліміздің премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында Алматы және Жетісу облысындағы автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге шақырды.

Мемлекет басшысы 2022 жылдан бері Жетісу облысына қарасты Кербұлақ және Панфилов аудандары арқылы өтетін республикалық тас жолды жөндеу кезек күттірмейтін міндет деп нақты тапсырма берген еді. Алайда, екі жылдан аса уақыт өтсе де ешқандай өзгеріс жоқ. Өңірлердегі жергілікті халықпен кездесулерге барғанда жиі көтерілетін өзекті мәселелерінің бірі осы. Сонымен қатар Кеген, Райымбек аудандарындағы республикалық маңызы бар тас жолдарындағы жағдайы жүргізушілердің де жүйкесін жұқартып-ақ болды. Әлеуметтік желіде жарияланған бейне ақпараттардан мердігер компаниялардың жауапсыздығын, сала мамандарының жұмыс жасап жатпағанын байқауға болады. Осындай жауапсыз жұмыстың салдарынан неге тұрғындар зардап шегуі керек, - деді сенатор.

Депутат сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жұмыс сапасын да сынға алып, олардың бюджет қаржысын пайдалану тиімділігіне күмән келтірді.

Жасалған жолдардың сапасы, жол жөндеу мәселесі алаңдатады. Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері пайдаланылатын қиыршық тас-құм қоспасының нұсқалары ұлттық стандартқа сәйкес келмейтінін айтады. 2024 жылғы 17 сәуірде Республикалық маңызы бар «Кеген-Нарынқол» автомобиль жолының диаметрі 1 метр бір нүктелі су өткізу құбырының орналасқан жерінде судың қарқынды өтуіне байланысты автожолдың негізі мен жабыны ішінара шайылып, шығу жолындағы құбыр сақиналары іске жарамсыз қалды. Бұрын осы учаскеде 23 наурызда жоғарыда аталған себептер бойынша резервтерге еріген және жаңбыр суының қарқынды түсуі салдырынан толып кетуі орын алған. Судың өтуі салдарынан жол жиегіндегі топырақ құлады. Әлі күнге дейін олқылықты толтыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалаушы ұйымның қатесі емес па?,- деп атап өтті Амангелді Төламисов.

Сенатор осыған байланысты, «Жалаңаш-Саты-Көлсай көлі», «Көкпек-Кеген-Түп», «Кеген-Нарынқол» жолдарының учаскелерінде жөндеу жүргізуді, сондай-ақ экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан Бұрхан бұлақ сарқырамасына баратын жолды қаржыландыруды ұсынды. Оны орман шаруашылығы өрттерді сөндіру қажет болған кезде де пайдаланылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы