Стамбул прокуратурасы Нетаньяхуды тұтқындауға санкция берді

Түркияның Стамбул қаласының Бас прокуратурасы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға және Израильдің бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктеріне геноцид және адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деген айыппен қамауға алу туралы санкция берді. Бұл туралы Bugün Kıbrıs басылымы прокуратураның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

37 күдіктіге қатысты, оның ішінде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Израиль Катц бар, геноцид және адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деген айыппен қамауға алу санкциясы берілді, – делінген құжатта.

Прокуратура Израиль билігін Газа секторын жаппай бомбалау, гуманитарлық көмек жеткізуге кедергі келтіру және бейбіт тұрғындарды әдейі нысанаға алу арқылы халықаралық құқықты өрескел бұзды деп айыптады.

Тергеу барысында бірнеше нақты эпизодтар қаралған, соның ішінде:

  • алты жасар Хинд Раджабтың өлімі,
  • 500 адам қаза тапқан Ахли Баптист ауруханасына шабуыл,
  • Түрік-Палестина Достық ауруханасын бомбалау фактілері.

Бұл шешім Газа секторындағы әскери операция кезінде Израиль тарапынан жасалған әрекеттерге байланысты жиналған айғақтар мен куәгерлердің көрсетілімдері негізінде

Айта кетейік, соңғы апталарда Израиль мен Ливан шекарасындағы жағдай да шиеленісіп отыр. Израиль премьер-министрі Нетаньяху 2 қарашада «Хезболла» қозғалысының қарулы күштерін қайта қарулануға тырысты деп айыптап, қажет болған жағдайда жаңа әскери операцияға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Фото: Kevin Dietsch / Getty Images
Өзгелердің жаңалығы