Стамбұл – Алматы рейсімен ұшып келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген екі шетел азаматы депортацияланды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

2020 жылғы 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Израиль, Ұлыбритания, Германия, Франция, Корея, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

1 612 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 465 адам, анықтамасыз 147 адам - ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 348 жолаушы, анықтамамен - 1 209, анықтамасыз - 139;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 264 жолаушы, анықтамамен - 256; анықтамасыз - 8.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Бір күн бұрын, 2020 жылдың 14 желтоқсанында анықтамасыз келген 81 адамның ПТР-талдау нәтижелері бойынша Ыстамбұл – Алматы рейсімен ұшып келген Қазақстанның 2 азаматынан коронавирустық инфекция анықталды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Шри-Ланка мен Қырғызстан азаматтары, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтамаларды ұсынуларына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы