Пәтер тонамақ болып, таяқ жегендер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласында үйіне кіріп келе жатқан әйелмен бірге ілесіп, пәтер тонамақ болған ұрылардың бірі ұсталды.
Екі ер адам, есігін ашып үйіне кіріп келе жатқан әйелдің соңынан ілесіп, кіріп кетпек болған. Оқиға Атырау қаласы Нұрсая көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған. Бірақ, ұрылар үйінде ер адам болғанын білмесе керек. Видеодан көрініп тұрғандай ер адам екі ұрыны үйінен қуып шығып, тіпті біреуін соққының астына алады.
Бұл оқиға кіре беріске орнатылған камераға түсіп қалған.
Ұсталған адам, Атырау қаласының 1992 жылы туған тұрғыны болып шықты. Екінші ер адамның кім екендігі анықталды, полиция қызметкерлері оны іздестіруде.
Екі ер адамның басқа да ұқсас жағдайларға қатысының бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.
Аталған факті ҚР Қылымыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған бап бойынша 7 жылғы дейінгі бас бостандығынан айыру қарастырылған, - деді Атырау қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еріктілер ісін дамытпақ
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы