"Стадион қаңырап бос тұр": Бектенов министрлік пен әкімдіктерге тапсырма берді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында Туризм және спорт министрлігі мен әкімдіктерге тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысының Талғар қаласының тұрғындары «Жастар» стадионы қаңырап бос тұр, спорттық іс-шаралар өткізілмейді, секциялар жоқ деп шағым айтуда. Туризм және спорт министрлігі мен әкімдіктер спорт нысандарының мақсатты әрі тиімді жұмысын қатаң бақылауға алсын, - деді ол.

Олжас Бектенов бұл ретте қолданыстағы спорт объектілерін тиімді пайдалануға да назар аудару қажет екенін атады. Сондай-ақ жаңа нысандардың құрылысын да айтып өтті.

Барлық өңірде спорт инфрақұрылымын біркелкі дамытып, тұрғылықты жерлерге жақын спорт алаңдарының желісін құру қажет. Сондай-ақ клубтар мен секцияларды дамыту жұмыстарына баса мән берілуге тиіс, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы