Стадион бос бола ма?: "Қайрат" – "Пафос” матчына қанша билет сатылды
УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турдағы “Қайрат” пен Кипрдің “Пафос” командасы арасындағы ойынның басталуына санаулы сағаттар қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл матчқа билеттердің сатылымы 13 қазаннан басталған болатын. Күтілгендей билет бағасы арзандаған жоқ – құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін сол күйінде қалды.
Мұндай баға саясаты Чемпиондар лигасындағы ойында алматылық команданы қолдағысы келетін кейбір жанкүйерлер үшін кедергі болды.
Нақты деректерге сәйкес, ойын басталуына жеті сағат қалғанда шамамен 11 мың билет сатылған.
Айта кетейік, “Қайрат” пен “Пафос” арасындағы матч ертең Алматыдағы “Орталық стадионда” 21:45-те басталады.
Бұған дейін алматылық “Қайраттың” қорғаушысы Еркін Тапалов билет сату көрсеткішінің төмендігіне қатысты пікір білдірген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы