СҚО жолдарында екі тәулік ішінде 18 мас жүргізуші ұсталды
СҚО жолдарында екі тәулік ішінде 18 мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
7 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 660 мас жүргізуші ұсталды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, олардың зардаптарының ауырлығын төмендету, сондай-ақ көлік құралын мас күйінде басқаратын жүргізушілерді анықтау мақсатында облыстық полиция департаменті 5-6 тамыз аралығында кезекті “Мас жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
6 тамызда көлік құралдары көптеп жүретін көшедегі скутердің мас жүргізушісі түскі уақытта Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен ұсталды. Скутер жүргізушісінің өзін ұстауы күдік туғызған, Набережная көшесімен айналма жолға қарай жылжу кезінде ол қолдарын жайып келе жатқан. Нәтижесінде скутер бірнеше жүздеген метрден кейін тоқтатылды. Көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ 44 жастағы жүргізушіге қатысты жүргізілген медициналық куәландыру алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесін көрсетті. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша хаттама жасалды, оның санкциясы жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Бұл жағдай мас күйінде жылдам жүруді ұнататындарды, сондай-ақ жол қозғалысының барлық қатысушыларын үлкен қиындықтан құтқарған автопатрульдің қырағылығы болып табылады.