СҚО су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатыр

Өңірдегі жағдай әлі де күрделі. Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласында су тасқынының алғашқы толқыны өтіп, су деңгейі төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда Сергеев су қоймасында су деңгейі көтерілуде. Қазіргі кезде ол 166% толып, су бөгет шыңынан 3 метр 48 см асты.

Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласынан эвакуацияланған халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. 700 астам адам үйлеріне оралды, оның ішінде, 200 бала. Әлі эвакуацияланған болып 13 мыңнан астам адам қалуда. Бүгінгі күні су тасқынының екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде, - деді СҚО ақпараттық-талдау тобының бас маманы Жазира Қожахметова. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы